ай аллам өзің сақтай көр АҚЫРЗАМАННЫҢ КІШІ БЕЛГІЛЕРІ Имам Шарани ақырзаманның белгілері жайында Әбу Нуаймның риуаят еткен мына хадисінде көз жүгіртіп қарайтын болсақ, Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдар арасында мынадай жайттардың етек алатындығын хабар береді: 1.Адамдар намаздарын қаза етеді, тіпті оқымайды. 2.Нәпсіге бой алдыру мен ойына келгенін жасайды. 3.Аманатқа қиянат етеді. 4.Харам нәрселерді халал деп санайды. 5.Өсімнен түскен ақшаны ойланбастан жейді. 6.Пара алушылық көбейеді. 7.Зәулім үйлер салынады. 8.Дүниеге қызығып дінін сатады. 9.Туыстық қатынастар үзіледі. 10.Төрешілер мен қазылар үкімін сататын болады. 11.Жастардың үкімет басына келуі. 12.Жабайы аңдардың терілерінен киімдер тігіліп киіледі. 13.Ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейеді. 14.Зина жасау етек алады. 15.Сенімді, адал кісілерді опасыз адамдай көреді. 16.Опасыз, өтірікші кісілер сенімді халге келеді. 17.Жала жабу мен жалған куәгерлік көбейеді. 18. Жауыннан апаттар, селдер болады. 19.Зекет берілмейтін болады. 20.Ішімдік ішу көбейеді. 21.Ол кездерде кейбір фасық, өтірікші, күнәһар өкімет ел басылары мен әкімдер болады. 22.Балаларды тәрбиелейтін тәрбиешілер болады. 23.Құран оқитын фасық және күнәһар хафыздар болады. 24.Жағымсыз ғалымдар болады. 25.Опасыз, өтірікші саудагерлер болады. 26.Құран Кәрімді әшекейлеу әдетке айналады. 27.Мұнаралар биік болады. 28.Бастықтар көбейеді. 29.Дін ілімін білетін ғалымдар, фақихтар азаяды. 30.Сенімді кісілер азаяды. 31.Кедейлер көбейеді. 32.Аллаһтың қойған жазалары жарамсыз болып жүрмей қалады. 33.Әнші қыздар көбейеді. 34.Таразыдан жеу көбейеді. 35.Әйел өзінің бастығынан босанатын болады. 36.Әйелдер өздерін еркектерге, еркектер де өздерін әйелдерге ұқсататын болады. 37.Тек таныс кісілерге ғана сәлем беріледі. 38.Ілім - құлшылық ету үшін емес, дүние табу үшін оқылатын болады. 39.Ол кезде адамдар арасында екіжүзділер мен күнәһарлар басым әрі күшті болады. 40.Ол кезде адамдар арасындағы залымдар мен кәпірлердің мәртебесі биік болып, құрмет етіледі. 41.Надандар мәртебелі болады. 42.Тақуа кісілер адамдар арасында келеке-мазаққа айналады.

Теги других блогов: Ислам Хазрети Пайғамбар Жайттар